- Негізгі бет
- Сочи-2014
- Сочи-2014: Қазылар алқасы...
Сочи-2014: Қазылар алқасы ең көп Олимпиада
Қысқы Олимпиада ойындарында бұрын-соңды қазылар алқасының қатары көп болмапты...
Сочи Олимпиадасы басталмай тұрып-ақ осы бір жетістікке қол жеткізген екен. Қара теңіз жағалауына қазылардың рекордтық саны ат басын тірепті.
Көп қиындықтың бірі – спорттық жарыс түрлерінің жылдан-жылға қатары артуы. Бұл дегеніміз, жеңімпазды секунд пен минут, сағат пен көрсеткіш, метр мен шайбалы соққы анықтап қоймай, сонымен бірге төрешілердің шешімі мен қатулы қабағы да айқындайды деген сөз. Осы тұста осы күні Сочи төрінде ең бір "қазылық етуші" қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр деуге әбден негіз бар.
Сочиде спорттық жарыстардың әрбір бесіншісінде жүлделі орындарды қазылар анықтайды екен. Жаңадан тұсауы кесілген 12 жаңа спорттық түрі де бұл қатарға кіреді. Салыстыра отырсақ: төрт жыл бұрын Ванкуверде қазылар алқасының қатары бір жарым есеге аз болған - 13. Ең бірінші қысқы Олимпиада ойындарында, 90 жыл бұрын француздың Шамони өңірінде шымылдығын түрген жарыста "қазылық ететін" спорттық жарыс түрлерінің қатары төртеу ғана болыпты. 1924 жылдары сайыстың 16 түрі ғана сарапқа салынып тұрыпты.
"Қазылық етудің" бір кемшін тұсы – жүлделі орындарды тағайындауда қателесіп, жаңсақ кетіп жататын пенде баласының қазылық етуінде. Бір сөзбен айтқанда, солардың көңіл-күйінің ықпалында кетуі. Спортшылар ендігі таңда жалпақ жұрттың ықыласына бөлену үшін небір құйтұрқы әдістерді ойлап табудың орнына, көрермендер мен төрешілердің бір сәттік селт етпе көңіл-күйін иемденгісі келеді екен.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: expert.ru
Л. Лига