- Негізгі бет
- Сочи-2014
- Сочи-2014: жылы жақтан...
Сочи-2014: жылы жақтан келген спортшылар
Сочи Олимпиадасына жер шарының ыстық өңірлерінен де келетін спортшылар бар. Жүлделі орынға таласта олар жеңіс тұғырынан сирек көрінеді. Дей тұрғанмен, жанкүйерлердің ыстық қошеметін алып қайтады...
Тонга елінің шанашысы Бруно Банани. Ең қызығы сол, бұл оның шын есімі емес екен. Шындығында, оның есімі Фуахеа Сэми болған, бірақ, осыдан бірнеше жыл бұрын, жаттығуға қаражат табу үшін, өз есімін демеушілік жасаған фирманың атымен атауға мәжбүр болыпты - «Бруно Банани» фирмасы.
Қысқы ойындарда екінші-үшінші ондықта көрініп жүрген спортшы.
Шаңғы сайысында мәре сызығына соңғы болып келгеніне қарамастан (жеңімпаздан 15 шақырымдық жарыс жолында 28 минутқа қалып қойған), оны жанкүйерлер ыстық қошеметпен қарсы алған болатын. Перуандық спортшы Роберто Карселена.
Аталған спортшы Олимпиада ойындарында Мексиканың намысын көп жылдан бері ту етіп келеді. Гумбертус вон Гогенлоэ - өз елінен Сочиге ат басын бұрған жалғыз спортшы. Олимпиада ойындарына алтыншы рет қатысып отыр.
1981 жылы Мексикада тау шаңғы спортының қауымдастығын өзі қалапты. Бүгінде Гумбертус тау спортынан 15 чемпионатқа қатысып үлгерген спортшы ретінде рекордтың Гиннестер кітабына тіркеулі.
Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында 19-орын алған филиппиндік спортшы Майкл Кристиан Мартинес.
Бразилиялық шаңғышы Леандро Рибела.
Сочиде Непал атынан шығып отырған 44 жастағы спортшы. Дачири Шерпа, бірақ, спорттық мансабында биік жетістікке қысқы ойындарда қол жеткізбеген екен. 2003 жылы Дачири Франция жерінде өткен ультра-марафонда жеңімпаз атаныпты - 166 шақырымға 20 сағаттан аса уақыт жұмсаған. Бұл көрсеткіш әлі күнге әлгі жарыс түрінің рекорды саналып қалуда.
Аргентиналық тау шаңғышысы Кристиан Хавьер Симари Биркнер.
Испандық сноубордшы Керальт Кастелле хафпайп сайысында 11-орынды иемденді.
Ямайкалық бобслеишілер. Сочиге жетулер мұң болған, жолда небір қызықты бастан өткерген, жарыс басталмай тұрып жұртты дүрліктірген спортшылар.
Ямайка құрамасы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында.
Олимпиада ойындарына осымен бесінші рет қатысып отырған үндістандық шанашы Шива Кешаван. Туринде қол жеткізген 25-орын - ең үздік көрсеткіші.
Үндістандық шаңғышы Надим Икбал.
Гректердің скелетоншысы Александрос Кефалас.
Тау шаңғышысы Люком Штейн - Зимбабве елін Олимпиада ойындарында таныстырған жалғыз спортшы.
Тогоның атынан шыққан шаңғышы Матильда Амиви Петитжан.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sport.rbc.ru
Л. Лига