Сочи - 2014. Жапаров пен Пчелинсев іріктеуде сүрінді

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы ерлер арасында К-125 санатындағы тұғырдан секіру спорты түрінен ел намысын қорғаған Алексей Пчелинцев пен Марат Жапаров алғашқы іріктеу кезеңінен өте алмай қалды. Олар тиісінше, 46 және 48-ші орындарға жайғасты.

Іріктеу кезеңінің үздік көрсеткішін австриялық Михаэль Хэйбек көрсетсе, одан кейінгі орындарда жапондықтар Дайки Ито мен Рерухи Шимицу тұр. Финалдық кезең ертең Астана уақытымен сағат 23:30-да басталады.

Сонымен Сочи ХХІІ қысқы Олимпиадасының бір апталық жалпыкомандалық көрсеткіші бойынша тізгінді Германия құрамасы ұстап келеді. Олардың еншісінде 7 алтын 2 күміс 1 қола бар. Ал бүгін Беларуссия мен Швейцария құрамаларының қоржыны екі алтынмен майланды.

ОрынМемлекет    Алтын        Күміс        Қола        Барлығы     1  Германия 7 2 1 10 2  Швейцария 5 1 1 7 3  Канада 4 5 2 11 4  АҚШ 4 3 6 13 4  Норвегия 4 3 6 13 6  Нидерланды 4 3 5 12 7  Беларусь 3 0 1 4 8  Ресей 2 5 5 12 9  Қытай 2 2 0 4 10  Франция 2 0 2 4 11  Польша 2 0 0 2 12  Австрия 1 4 0 5 13  Жапония 1 2 1 4 14  Словения 1 1 2 4 15  Ұлыбритания 1 0 1 2 16  Оңтүстік Корея  1 0 0 1 16  Словакия 1 0 0 1 18  Швеция 0 5 2 7 19  Чехия 0 2 1 3 20  Аустралия 0 1 3 4 21  Италия 0 1 2 3 22  Хорватия 0 1 0 1 22  Финляндия 0 1 0 1 24  Латвия 0 0 2 2 25  Украина 0 0 1 1 25  Қазақстан 0 0 1 1

 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: sport.nur.kz