Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы ерлер арасында К-125 санатындағы тұғырдан секіру спорты түрінен ел намысын қорғаған Алексей Пчелинцев пен Марат Жапаров алғашқы іріктеу кезеңінен өте алмай қалды. Олар тиісінше, 46 және 48-ші орындарға жайғасты.
Іріктеу кезеңінің үздік көрсеткішін австриялық Михаэль Хэйбек көрсетсе, одан кейінгі орындарда жапондықтар Дайки Ито мен Рерухи Шимицу тұр. Финалдық кезең ертең Астана уақытымен сағат 23:30-да басталады.
Сонымен Сочи ХХІІ қысқы Олимпиадасының бір апталық жалпыкомандалық көрсеткіші бойынша тізгінді Германия құрамасы ұстап келеді. Олардың еншісінде 7 алтын 2 күміс 1 қола бар. Ал бүгін Беларуссия мен Швейцария құрамаларының қоржыны екі алтынмен майланды.
| Орын | Мемлекет | Алтын | Күміс | Қола | Барлығы |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Германия | 7 | 2 | 1 | 10 |
| 2 | Швейцария | 5 | 1 | 1 | 7 |
| 3 | Канада | 4 | 5 | 2 | 11 |
| 4 | АҚШ | 4 | 3 | 6 | 13 |
| 4 | Норвегия | 4 | 3 | 6 | 13 |
| 6 | Нидерланды | 4 | 3 | 5 | 12 |
| 7 | Беларусь | 3 | 0 | 1 | 4 |
| 8 | Ресей | 2 | 5 | 5 | 12 |
| 9 | Қытай | 2 | 2 | 0 | 4 |
| 10 | Франция | 2 | 0 | 2 | 4 |
| 11 | Польша | 2 | 0 | 0 | 2 |
| 12 | Австрия | 1 | 4 | 0 | 5 |
| 13 | Жапония | 1 | 2 | 1 | 4 |
| 14 | Словения | 1 | 1 | 2 | 4 |
| 15 | Ұлыбритания | 1 | 0 | 1 | 2 |
| 16 | Оңтүстік Корея | 1 | 0 | 0 | 1 |
| 16 | Словакия | 1 | 0 | 0 | 1 |
| 18 | Швеция | 0 | 5 | 2 | 7 |
| 19 | Чехия | 0 | 2 | 1 | 3 |
| 20 | Аустралия | 0 | 1 | 3 | 4 |
| 21 | Италия | 0 | 1 | 2 | 3 |
| 22 | Хорватия | 0 | 1 | 0 | 1 |
| 22 | Финляндия | 0 | 1 | 0 | 1 |
| 24 | Латвия | 0 | 0 | 2 | 2 |
| 25 | Украина | 0 | 0 | 1 | 1 |
| 25 | Қазақстан | 0 | 0 | 1 | 1 |
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: sport.nur.kz
О. Сансызбай
Германия
Швейцария
Канада
АҚШ
Норвегия
Нидерланды
Беларусь
Ресей
Қытай
Франция
Польша
Австрия
Жапония
Словения
Ұлыбритания
Оңтүстік Корея
Словакия
Швеция
Чехия
Аустралия
Италия
Хорватия
Финляндия
Латвия
Украина
Қазақстан