Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында фристайлдың акробатика сынында ел намысын қорғап жатқан Жанбота Алдабергенова екінші финалдық кезеңнен аса алмады. Нәтижесінде 6-шы орынға табан тіреді. Бұл осыған дейін еліміздің атынан шыққан спортшылардың қатарындағы үздік көрсеткіштердің бірі.
Беларуссия қоржынына үшінші алтын түсті. Акробатика сынында үшінші жүлдені Алла Цупер салды. Күміс қытайлық спортшы Ментао Цюға бұйырса, қоланы аустралиялық Лидия Лассила иеленді.
Сонымен қатар, Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында скелетоннан өткен аламанда ұлыбританиялық спортшы Элизавет Ярнольд чемпион атанды. Ол 3:52.89 уақыт көрсеткішімен қарсыластарын басып озды. Осылайша өз елінің қоржынына алғашқы алтынды салды. Күміс АҚШ скелетоншысы Ноэль Пикс-Пейс еншісіне жазылса, қоланы жарыс қожайындарының спортшысы Елена Никитина иеленді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com