Сочи-2014: Инна Симонова 1/4 финалға шыға алмады

Конькиші қызымыз Инна Симонова Сочидегі Олимпиада ойындарында 1000 метр қашықтыққа жарыс жолында 1/4 финалға шыға алмады. 

Симонова жарыс жолында үшінші орын алған-ды. Ел спортшысын фотофиниште америкалық Эмели Скотт басып озып, сол арқылы АҚШ елінің өкілі келесі кезеңге өтіп отыр. 

Сайыстың бұл бөлігінде кореялық Пак Сын Хи үздік танылды.

Естеріңізге сала өтсек, бүгін кеште конькимен жүгіруде 10 000 метр қашықтыққа Дмитрий Бабенко шығадыЕл спортшысы осымен Сочидегі үшінші жарыс жолына шыққалы отыр. Ертеректе Дмитрий 5000 метр қашықтықта 15-орынды иемденсе, 1500 метр қашықтықта 30-орынды місе тұтқан болатын. Жарыс жолының басталуы Астана уақытымен сағат 19:00-ге жоспарланған.

Тізімде 14 спортшының аты аталады, біздің Бабенко неміс елінің өкілі Патрик Беккертпен жұптасып шықпақ екен.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: rsport.ru