Сочиде өтіп жатқан XXII қысқы Олимпиада ойындарында 21 жастағы отандық фристайлшымыз Юлия Галышева могул бағдарламасы бойынша Ақ Олимпиаданың іріктеу кезеңінде алтыншы орыннан көрініп, финалдық кезеңге сүрінбей өткен болатын. Жаңа ғана бірінші финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша жерлесіміз 21,26 ұпай жинап, бесінші сатымен екінші финалдық сатыға жолдама алған-ды. Алайда Юлия екінші финалдық кезең қорытындысы бойынша,финалдық кезеңнің алтылығына ене алмады. Десе де жерлесіміз сәтті өнер көрсетті деп айта аламыз. Екінші финалдық кезең қорытындысы мен жалпы дода нәтижесі бойынша отандасымыз жетінші орынға тұрақтады.
Екінші финалдық кезең қорытындысы бойынша, Ханна Кирни, Элиза Уттрим (АҚШ), Айко Уемура (Жапония), Бриттени Кокс (Аустралия), Хлоя Дюфур-Лапуант, Жюстин Дюфур-Лапуант (Канада) сынды спортшылар финалдық кезеңге өтті.
Автор: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sochi.com