Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында конькимен 1000 метр қашықтыққа жүгіру сайысында сынға түскен жерлесіміз Екатерина Айдова 19-орыннан көрінді. Ол бұл қашықтықты 1:17.25 минут уақытымен бағындырды.
"Адлер-Арена" спорт кешеніндегі Олимпиада алтыны Қытай спортшысы Хон Шжан еншісінде кетті. Осылайша Қытай құрамасы қоржынына екінші алтын түсті. Оның уақыты 1:14.02 минутты құрады. Күміс нидерландылық Ирен Вьюстқа бұйырса, қоланы да оның жерлесі Маргот Бур өз құрамасының қоржынына салды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: russkating.ru