Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында могулдан ерлер арасында іріктеу кезеңі аяқталды. Бұл сында отандық спортшыларымыз да бақ сынаған болатын.
Ерлер арасында могул бағдарламасының іріктеу кезеңінде Дмитрий Рейхерд 7-орынмен (21.86) келесі кезеңге шықты. Ал Павел Колмаков бірінші іріктеу кезеңінде 11-орын алды (21.40). Ал 28 жастағы Дмитрий Бармашов жарыс жолына шықпады.
Отандық биатлоншыларымыз Ян Савицкий пен Сергей Наумик жүлде үшін таласқа түседі. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан көре аласыздар.
Ертеректе отандасымыз Инна Симонова шорт-тректен 500 метрге әйелдер арасында жарыс жолына шыққан болатын. 23 жастағы отандық спортшымыз өз тобында төртінші нәтижені көрсетті - (44.387). Сол арқылы Инна келесі кезеңге өте алмады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: altaynews.kz