Сочи-2014: Дмитрий Кошкин 31-орын алды

Сочи-2014: Дмитрий Кошкин 31-орын алды

Хьетиль Янсруд Сочиде өтіп жатқан 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында супергигант сайысының жеңімпазы атанып отыр.

28 жастағы норвег спортшысы 1:18.14 уақыт көрсеткішімен бірінші орынды иеленсе, екінші орын алған АҚШ елінің 28 жастағы өкілі Эндрю Вайбрехт 0,30 секундқа қалып қойды. Ал үшінші орын 32 жастағы канадалық Ян Худек пен 36 жастағы американдық Боде Миллерге бұйырды ((+0,53).

Ел атынан сынға түскен 27 жастағы Дмитрий Кошкин 31-орынға қол жеткізсе (1:21.50), 22 жастағы алматылық спортшымыз Мартин Хубер (1:22.60) 40-орынды місе тұтты. 27 жастағы отандық спортшымыз Игорь Закурдаев (1:23.13) 45-орыннан көрінді.

Естеріңізге сала отырсақ, бүгін ерлер арасында 4×10 шақырымға шаңғы эстафетасында Қазақстан құрамасынан Денис Волотки, Сергей Черепанов, Евгений Величко, Марк Старостин шығады. "Хабар" мен KazSport телеарналарынан сағат 16:00-де көре аласыздар. 

Конькимен жүгіруде Екатерина Айдова бақ сынайды. 1500 метр қашықтыққа жарыс жолы сағат 20:00-де басталады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет:sport.gazeta.kz 

Л. Лига