Николай Чеботько Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спорты түрінен ерлер арасындағы қысқа қашықтықтың ширек финалында сүрініп, жартылай финалға шыға алмады.
33 жастағы отандық спортшымыз өз тобында бесінші орын алып, 3:39.66 уақыт көрсеткішімен келесі кезеңге өте алмай қалды.
Ертеректе осы сында ел намысын қорғаған Денис Волотка мен Роман Рагозин алғашқы сыннан-ақ сүрінген еді. Алғашқысы қысқа қашықтықты 3:46.92 минутта бағындырса, соңғысы 3:38.56 минут нәтижесін көрсетіпті.
Іріктеу сынында үздік көрсеткішті норвег Олле Виген-Хаттестад көрсетті. Ол жалпы қашықтықты 3:37.99 минутта жүріп өтті. Екінші үздік нәтиже ресейлік Антон Гафаровқа тиесілі болды (3:38.52).
Енді жартылай финал сайыстары 19:14-те басталады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: sport.nur.kz