Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында биіктіктен шаңғымен шапшаң түсу сайысында словениялық ару Тина Мазе мен швейцариялық Доиминик Гизин алтыннан алқа тақты. Бұл спорт тарихында сирек кездесетін құбылыстардың бірі.
Тина Мазе мен Доминик Гизин бұл сайыста 1:41.57 уақытымен бірдей нәтиже көрсетті. Қорытындысында қос спортшыға да ережеге сай алтын медаль табысталды. Ал қоланы тағы швейцариялық қыз Лара Гут иеленді. Оның көрсеткіші жарыс жеңімпаздарынан -0.1 секунд уақыт қана кем болды.
Нәтижесінде Швейцария құрамасы 3 алтын 1 қола медальмен бесінші орынға көтерілсе, Словения 1 алтын 1 күміс 2 қоламен тоғызыншы орынға табан тіреп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін ел намысын конькимен 1000 метрге жүгіру сайысында Денис Кузин, Роман Креч және Федор Мезенцев қорғайды. Жүлде жанкүйерлердің үміті ақталады деген сенімдеміз. Тікелей эфирде Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Жарысты "KazSport" және "Хабар" арналарынан тамашалай аласыздар. Жерлестерімізге жанкүйер болайық!
Сонымен Сочи ХХІІ қысқы Олимпиадасының медальдар жиынтығы таратылған алғашқы төрт күні де артта қалып, бесінші күніне аяқ басып отырмыз. Әзірге қанжығамыз майланар емес, өзге ұлттық құрамалардың қоржынына көз салып көрейік:
ОрынМемлекет Алтын Күміс Қола Барлығы 1Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: eurosport.ru