Белоруссиялық спортшы Олимпиадада алтын алса 150 мың доллармен, күміс алса 75 мың доллармен, қола иемденсе 50 мың доллармен марапатталады. Бұл жайлы Белоруссия президентінің жарлығында айтылған екен.
Сыйақының тең жартысынан көбі биатлоншы Дарья Домрачеваға бұйырып тұр. Белоруссиялық команданың сапында оған үш алтын медаль үшін 450 мың доллар тиесілі (ізге түсу сайысынан, жекелей сында және масс-старт жарыс жолында).
Сонымен бірге, фристайлшылар Алла Цупер мен Антон Кушнирге алтын медальдары үшін 150 мың доллардан берілсе, биатлоншы Надежда Скардиноның қола жүлдесіне 50 мың доллар бұйырмақ.
Мұның алдында бұл елде сыйақы мөлшері төмен болып келіпті. Өз уақытында фристайлшы Алексей Гришин алтын үшін 100 мың доллар табыс түсірсе, биатлоншы Сергей Новиков күміс медальға 50 мың доллар алса, 30 мың долларды қола жүлдесі үшін Дарья Домрачева иленген екен.
Сочи Олимпиадасында белоруссиялық спортшылар биатлоннан әйелдер арасында өтетін эстафета сайысында бақтарын сынап көрмек. Жүлделі орынға таласта тағы бір тамаша мүмкіндік.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: izvestia.ru