Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасында конькимен 500 метрге жүгіру сынында ел намысын қорғаған Екатерина Айдова қорытынды есепте 22-ші орынға ие болды. Жерлесіміз алғашқы кезеңде АҚШ қызы Лорен Челевинскимен жұп құрап, 39.04 секунд нәтижесін көрсетсе, екінші кезеңде нидерландылық Маррит Ленстрамен жұп құрап 38,80 нәтижесін көрсетті. Қос кезең қорытындысы бойынша орынға табан тіреді.
Олимпиада алтынын кореялық спортшы Санг Хва-Ли жеңіп алды. Ол қос кезең қорытындысында 74.70 көрсеткішімен Олимпиада рекордын тіркеді. Күміс ресейлік конькиші Ольга Фаткулина еншісіне жазылса, қоланы нидерландылық Маргот Бур місе тұтты.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.ru