Олимпиада ойындарында отандық спортшыларымыз Айдар Бекжанов пен Денис Никиша шорт-тректен 1500 метр қашықтыққа жарыс жолына шығып, жартылай финалға шыға алмады.
Алты іріктеу кезеңі арқылы спортшылар сынға түсті. Айдар Бекжанов төртінші болып өнер көрсетіп, өз тобында бесінші нәтижеге қол жеткізді. Келесі кезеңге үздік деп танылған үш спортшы шыға алатын. Келесі болып жарыс жолына шыққан отандасымыз Денис Никиша да жартылай финалға шыға алмады. 18 жастағы қостанайлық спортшы алтыншы нәтижені көрсетті.
Шорт-тректен 500 метрге әйелдер арасында жарыс жолына Инна Симонова шығады. Басталуы: сағат 16:30-да. Тікелей көрсетілімді KazSport арнасынан тамашалай аласыздар.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: vesti.kz