- Негізгі бет
- Сочи-2014
- Сочи-2014. АҚШ спортшысын...
Сочи-2014. АҚШ спортшысын мас күйінде ұстап алыпты
АҚШ-тың коньки тебу спортынан әйелдер құрамасының мүшесі Лорен Чолевински Олимпиада қалашағында полицияға ұсталған. Бұл жайлы Znak.com хабарлайды.
Оқиға ақпанның он бесіне қараған түнінде орын алған екен. Ресми мәлімдемеге сүйенсек (рапорт), спортшы өз елінің азаматтығы мен аккредитациясын жоғалтып алған. Оған қоса, Чолевинскидің қатты мас болғаны сонша, аудармашының көмегіне жүгінген күннің өзінде ешқандай түсінік бере алмаған.
Ақпарат көзіне сенсек, Чолевинскиге қарсы заңға қайшы іс қозғалмапты. Көп ұзамай спортшы Олимпиададағы қалашыққа қайтарылған.
Айта отырсақ, Сочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында Чолевински 11 ақпан күні 500 метр қашықтыққа жарыс жолына шыққан болатын. Екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша американдық конькиші 15-орын алған еді.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: zimbio.com
Л. Лига