Тед Лигети Сочидегі 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында алып слалом бағдарламасында жеңіс тұғырына көтерілді.
Тау шаңғышысы сол арқылы АҚШ қоржынына жетінші алтынды салып отыр.
Лигети екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша екі минут, 45,29 секунд уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанса, күміс медаль француз Стив Миссильеге бұйырды (+0,48 секунд). Қола жүлдені француздың тағы бір спортшысы Алексис Пентюро иемденді (+0,64).
АҚШ құрамасы осы тұста медальдық есепте үшінші орынға көтерілді. Норвегия құрамасы сегіз алтынмен көш басында келеді. Неміс спортшылары екінші орында қала беруде.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: isport.ua