Неміс құрамасы үміт артып отырған тау шаңғысы спортынан бақ сынайтын Феликс Нойройтер Сочи Олимпиадасына келе жатқан жолда апатқа ұшырап, осының себебінен спортшының додаға қатысу-қатыспауы белгісіз болып отыр.
29 жастағы спортшы Мюнхен әуежайына өз автокөлігімен келе жатқанда жол апатына ұшыраған. Нәтижесінде мойын бөлігі мен омыртқасына зақым келіпті. Ал спортшының Сочиге ұшуы туралы қорытынды шешімді дәрігерлер жақын күндері шығармақ. Ол 19 ақпан күні қауіпті кедергілер мен кедергілер сайысында өнер көрсететін еді.
Естеріңізге сала кетсек, Феликс Нойройтер 2012/2013 маусымдағы Әлем Кубогында кедергілер арқылы жүріп өтуден екінші орын алған еді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: mir24.tv