- Негізгі бет
- Сочи-2014
- Қонақтар Сочи Олимпиадасында...
Қонақтар Сочи Олимпиадасында 34 тонна кәуап жеген
Сочи қонақтары Олимпиада ойындары уақытысында 34 тонна кәуап (шашлык) жеген, деп қала әкімінің бірінші орынбасары Анатолий Рыков хабарлайды.
"Олимпиада ойындары уақытысында қонақтар 25 мың хачапури, 175 мың хинкали, 34 тонна кәуап жеді", - дейді Рыков.
"Серіктестерім барлығын дұрыс есептедік деп уәде беруде", - дейді ол.
Шенеунік 2007 жылы Сочи негізінен орыс және кавказ асханасымен мақтана алса, бүгінде барлық дәмді асты қонақ алдына жайып салатынын айтады.
"Сочи Олимпиадасына дайындық уақытында қоғамдық тамақтану орындарының қатары артып отыр: 2010 жылы олардың ұзын саны 918 болса, бүгінде (2014 жылы) 1245 ас орталығы ресми заңдастырылған", - дейді сөз соңында.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: byaki.net
Л. Лига