- Негізгі бет
- Сочи-2014
- "Қанатты шаңғышылар" сайысында...
"Қанатты шаңғышылар" сайысында поляк спортшысы топ жарды
Жаңа ғана аяқталған Сочидегі тұғырдан (трамплин) секіру спорты бойынша өткен сайыста поляк спортшысы Камиль Стох топ жарды. Ол барлығы 278 ұпай жинап, қарсыластарынан оза шапты.
26 жастағы Камиль Стох спорттық мансабындағы алғашқы ірі жетістігіне қол жеткізіп отыр. Күміс словениялық Петер Превенцке бұйырса, қоланы норвегиялық Андерс Бардаль еншіледі.
Бүгін де ел намысын қорғаған спортшыларымыздың жолы бола қойған жоқ. Ерлер арасында тау шаңғысы спорты бойынша бақ сынаған Игорь Закурдаев 2:11.28 уақыт көрсеткішімен 33-орынға тұрақтаса, 22 жастағы Мартин Хубер 42-орыннан (2:13.51) көрінсе, Дмитрий Кошкин 43-орынды (2:14.63) місе тұтты. 30 шақырымға созылған скиатлон сайысында отандық спортшыларымыз Алексей Полторанин мәре сызығын 16-орынмен кессе (1:08:51.5), Евгений Величко (1:11:05.6) 32-орынды, Сергей Черепанов 49-орынды (1:13:39.7), Mарк Старостин 56-орынды (1:15:36.6) місе тұтты. Ал биатлоннан 7,5 шақырымдық қашықтыққа спринттік жарыста 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері, жерлесіміз Елена Хрусталева небәрі 57-ші орыннан көрінді. Одан кейінгі орын да отандасымыз Дарья Усановаға бұйырса, Галина Вишневская 64-ші, Марина Лебедева 73-ші орынды иеленді.
Сонымен Сочи ХХІІ қысқы Олимпиадасының екінші жарыс күні де мәресіне жетті. Назарларыңызға қорытынды көрсеткішті ұсынамыз:
Орын | Мемлекет | Алтын | Күміс | Қола | Барлығы |
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: fischersports.com
О. Сансызбай