Бүгін біз сіздерге Сочи Олимпиадасының чемпиондары арасында қай спортшының жеңіске жету үшін аз уақыт жұмсағаны жөнінде айтпақшымыз.
10 орын. Хавпайп. Кейтлин Фаррингтон, АҚШ – 31,8 секунд
Кейтлинге тау бөктерлерін басып өтіп, бірнеше трю жасау арқылы, оны тастап шығуға дәл осындай уақыт қажет болған екен.
9 орын. Ски-хавпайп. Дэвид Уайз, АҚШ – 29,8 секунд
Дэвид трюктеріне көп уақыт жұмсағанымен, оның шаңғысы командалас достарын басып озуға үлкен көмек болды.
8 орын. Хавпайп. Юрий Подладчиков, Швейцария – 28,2 секунд
Швейцариялық орыс спортшысы пайпта дәл осындай уақыт көрсетіп, Олимпиада рекордын жаңарта алды.
7 орын. Могул. Александр Билодо, Канада – 26,31 секунд
Оның қарсыластары трассаны жылдам басып өткенімен, Александрдың орындауындағы секірістер оған жоғары ұпай әкеліп, нәтижесінде Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.
6 орын. Трамплиннен шаңғымен секіру ,үлкен трамплин. Камил Стох, Польша – 25,5 секунд
Уақыттың есебі спортшы орнынан жылдамдық алғаннан бастап төрешілердің қойған сызығына дейінгі аралықта есептеледі. Ал Камил әуеде бар болғаны бес секунд өткізген.
5 орын. Трамплиннен шаңғымен секіру, орташа трамплин. Карина Фогт, Германия – 23,3 секунд
К-95 трамплинінен жасаған екі мүмкіндігінің уақыт көрсеткіші бойынша ол Стохқа есе жібере қойған жоқ.
4 орын. Трамплиннен шаңғымен секіру, орташа трамплин. Камил Стох, Польша – 23,1 секунд
Мұндай бір-біріне жақын көрсеткіштер трамплиннен секірушілердің арасындағы бәсекелестіктің жоғары деңгейде болғандығын анық көрсетеді.
3 орын. Могул. Жюстин Дюфур-Лапуант, Канада – 22,44 секунд
Бұл спортшы қыз уақыт көрсеткіші бойынша тіпті ерлер арасындағы жарыстың жеңімпазын басып озды. Оған себеп жасаған трюктерінің жылдам әрі қарапайым болуы әсер еткен болар.
2 орын. Акробатика. Антон Кушнир, Белоруссия – 10,8 секунд
Жылдамдық деп осыны айт. Антон Кушнир бар болғаны 10,8 секундтың ішінде Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.
1 орын. Акробатика. Алла Цупер, Белоруссия – 9,6 секунды.
Абсолютті жеңіс. 9,6 секунд – әлемдегі ең жылдам адам саналатын Усейн Болттың 100 метрде қойған рекордынан сәл ғана кеш уақыт көрсеткіші.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: eurosport.ru