Денис Тен Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. 2010 жылы Ванкуверде жіберген бар қателігінің орнын толтырып, әлемдік аренадағы абыройымызды тағы бір асқақтатты. Қола жүлдені еншілеген 21 жастағы жерлесіміз Р-спорт тілшілеріне өзінің жеңіске жету жолындағы табандылығымен бөлісті.
- Мен Ванкувер Олимпиадасына мәнерлеп сырғанау спортының жай жанкүйері ғана болып бардым. Ал Сочиге барар жолда менің айқын мақсатым болды. Маған қазақ елінің, ата-анамның және достарымның үміт артуы, мені жеңіске жету жолында бар өнерімді төгуіме септігін тигізді – деді. Сонымен қатар, өткен маусымда денсаулығы мен дайындық іс-шараларына мүмкіндікті аз болуы жүйкесіне де әсер еткенін жасырмады.
- Мен көп уақытымды дайындыққа жұмсадым. Әсіресе, жаз мезгілінде Гран-При сынына бармай дайындалдым. Физикалық тұрғыдан да мықты бола қойғаным жоқ. Алайда бар жан-дүниеммен жеңістің ауадай қажет екенін сезініп өнер көрсеттім. Мұны төрешілер мен жанкүйлер жақсы бағалайтынына күмән келтергенім жоқ – деді Денис Тен.
Осылайша медальдар жиынтығы сарапқа салынған күннен, бір апта кейін Қазақстан қоржынына тұңғыш медаль түсті. Жерлестерімізді Денис Теннің алтынға татырлық жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vesti.kz