Қазақстан қоржынына жалғыз қола жүлдені салған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен салтанатты түрде марапатталды.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша тоғызыншы орынға тұрақтаған жерлесіміз, еркін бағдарламада өзін тамаша қырымен танытып, қола жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар, еліміздің мәнерлеп сырғанау тарихындағы тұңғыш жүлдені жеңіп алған спортшы да атанған-ды.
Естеріңізге сала кетсек, мәнерлеп сырғанау спортындағы жекелей сында жапондық Юдзуру Ханю чемпион болып танылса, күмісті канадалық Патрик Чан иеленген. Ал Денис Тен иеленген қола жүлдемен Қазақстан құрамасы 25-ші орында келеді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sochi2014.com