Сочи ХХІІ қысқы Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан қоржынына қола медаль салған Денис Тен өзінің жүлдесін барша қазақстандықтарға арнағанын жеткізді. 20 жастағы спортшымыз, алғашқы қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бір сәт уайымға салынғанын да жасырмады.
- Алғашқы қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша, ұзақ уақыт ұйықтай алмадым. Бүгін өзімді керемет сезініп шықтым. Кеше мен баяу қимылдадым, ал бүгін барлығы ойымдағыдай шықты. Сөз жоқ, бұл менің ең керемет маусымым. Мен өзімнің барлық секірген сәттегі әдістеріме көңілім толды. Жанкүйерлердің де көңілінен шықты деп ойлаймын. Мен ешқашан қарсыластың мәнерлеп сырғанаушы спортшысына жанкүйерлік танытпаймын. Мен үшін ең бастысы – жақсы өнер көрсетуі. Олардың нәтижелеріне мән беремін. Бүгінгі жүлде еліміздің мәнерлеп сырғанау тарихындағы тұңғыш жүлде ғана емес, Сочидегі де алғашқы жүлде. Сондықтан бұл жүлдемді барша қазақстандықтарға арнаймын! – деді Денис Тен.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com