Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы ерлер арасында 1500 метрге конькимен жүгіру сайысында бақ сынаған жерлестеріміздің қатарынан үздік көрсеткіш Денис Кузинге тиесілі болды. Ол аталған қашықтықтықты 1:45:69 минутта бағындырып, 9-шы орынға тұрақтады. Ал өзге ел намысын қорғаған қазақстандықтардың қатарынан Дмитрий Бабенко 1:48.67 минут көрсеткішімен 30-шы орынды қанағат тұтса, Александр Жигин 34-ші орыннан, Федор Мезенцев 35-ші орыннан көрінді.
"Адлер-Арена" мұз айдынындағы ақ Олимпиаданың алтыны польшалық конькиші Збигнев Брудка мойнына тағылды. Ол 1500 метр қашықтықты 1:45:00 минутта бағындырды. Күміс Нидерланды елінің намысын қорғаған Кун Вервейге бұйырды. Негізі екеуі де бірдей нәтиже көрсеткен. Соңғы сәтте ең аз көрсеткішті уақыт айырмашылығы жарыс жеңімпазын анықтап берді. Қоланы Канада құрамасының спортшысы Дэнни Моррисон жеңіп алды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: kapital.kz