Бабенконың да бағы жанбады

Бабенконың да бағы жанбады

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында 10000 метр қашықтыққа конькимен жүгіру сынында ел намысын қорғаған Дмитрий Бабенко  14 спортшының ішінен 12-ші орыннан көрінді. Осыған дейін мұз айдында бақ сынаған жерлесіміз 5000 метр қашықтықта 15-орынды иемденсе, 1500 метр қашықтықта 30-орынды місе тұтқан болатын. 

Аталған сындағы ақ Олимпиаданың алтыны, күмісі мен қоласы Нидерланды елінің спортшыларына бұйырды. Алтын медальды Олимпиада рекордын жаңартып, Йоррит Бергсма жеңіп алса, күміс Свен Крамерге, қола Боб де Йонгқа бұйырды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: salmurza.livejournal.com

О. Сансызбай