Олимпиада алауы өшіп, жалауы көшкен шақта, алтын медальдан ғұмырлық ұстанымдарын артық қойған, бағалы жүлдесін сатып жіберген спортшыларды назарларыңызға ұсынамыз. Ендеше, еңбектері сіңген елеулі алтындарын сатқан спортшылардың өмір оқиғалары...
1. Марк Уэллс, АҚШ, 1980, ХоккейКез келген спортшы үшін кез келген алтын медальмен қоштасудың, оның күллі өмірлік мән-маңызы мен тарихилығын сезіне тұрып, одан айрылудың қандайлық қиын екенін біле беруге болар. Уэллстің қоштасуы қиынға соққан жоқ: ол ми жұлын қызметінің зақымдалуына алып соққан генетикалық дерттің ем-домын төлеу үшін медалін сатты.
Медальді ол жеке топтамашыға (коллекционер) сатып жіберді, ол өз кезегінде, 2010 жылы бәссауда үйі арқылы 310 мың 700 долларға табыс түсірді.
Медальда мына бір сөздер жазып қалдырылған:
"Осы бір алтын медаль менің жеке жетістігім мен біздің командалық жеңісімізді әспеттейді. Осынау алтын медальді иеленген жиырма ғана ойыншының бірі болғаным үшін, 1980 жылдың ақпанына ол менің жүрегімнен үлкен орын алды. Оны сатуға бел буған кезде, мен оны мойнымнан тастамай, тағып жүрем деп шештім. Мен тіпті өз өмірімнің соңғы екі аптасында осы медальмен ұйқыға кетіп жүрдім. Мен қалай қарасам, сіз де солай бағаларсыз деп үміттенемін".
2. Владимир Кличко, Украина, 1996, БоксАтлантадағы ойындар Украинаның жадында Олипиада ойындарына алғаш рет тәуелсіз ел ретінде қатысумен есте қалған-ды.
Сол себепті де, Кличконың алған алтын медалі тарихи сәт болатын. Алайда, Кличко өзінен гөрі, кішкентай спортшыларға көмектесуді маңыздырақ санады. 2012 жылы жүлдесі бәссаудада сатылып, ағайынды Кличколарға миллиондаған доллар түсірді. Балаларға арналған спорттық лагерьлер мен спортқа қажетті жабдықтауларды қаржыландыруға жұмсалды.
Сатып алушы Тәңірге жақын жарылқаушы болып шығып, артынша медальді Кличкоға қайтарып берді.
3. Энтони Эрвин, АҚШ, 2000 жыл, жүзуЭнтони Эрвин 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 50 метрге еркін әдіспен суға жүзуде алтын алды.
2003 жылы 22 жасында ол "өз өмірін ретке келтіру үшін... еш кедергісіз, келешекте тәртіп-жүйеге бағынбастан, жарыстарға мәжбүрліктен бармауға және кәсіби биігінде қалу үшін" спортпен қош айтысты.
2004 жылы eBay саудасына жүлдесі қойылды, содан түскен 17 мың 101 долларды Үнді мұхитындағы жер сілкінісінен зардап шеккен жандарға арнады.
2012 жылы Эрвин 50 метрге қашықтыққа жарыс жолына шыққанмен, жүлдеге іліне алмады.
4. Отыля Енджейчак, Польша, 2004 жылы, жүзуАфинадағы Олимпиада ойындары шымылдығын түрмей тұрып, 10 жыл ертеректе Енджейчак жеңіп алған кез келген алтынын қайырымдылыққа қиятынын мәлім етті.
Көп ұзамай жеңіс тұғырына көтерілгенде, сол сөзінде тұра білді.
200 метрге баттерфляй әдісінен мойынға таққан алтыны 80 мың долларға сатылып, аталған қаржы лейкемия ауруына шалдыққан балаларды емдеуге қол ұшын беретін польшалық қайырымдылық ұйымына аударылды. "Маған есте қалуы үшін медальдың қажеті жоқ" - деді ол. - "Мен өзімнің Олимпиада чемпионы екенімді білемін. Ол менің жүрегімнің төрінде".
Қайырымдылық: Томми Смит, АҚШ, 1968 жыл, жеңіл атлетикаТомми Смитті танып қалуыңыз әбден мүмкін: желаяқтарды марапаттау кешінде (200 метр қашықтыққа) ол қара нәсілділерді кемсітушілікке (Black Power salute) қарсылық ретінде қара былғары қолғап ішіндегі жұмулы жұдырығын жоғары көтерген екі америкалықтың бірі болатын.
Медальдің қаншалықты мән-маңызға ие екеніне қарамастан, ол оны бәссаудаға шығарды. Екі рет.
2000 жылы Смит пен әйелі Делоиз Джордан-Смит спортшының естелік заттарына бәссауда веб-сайтын жасады - TommieSmith.com. Сол уақытта сұралған сома 500 мың долларды құрағанымен, Смит мұндай қомақты қаржыны төлеуге, шыны керек, ешкімнің бара қоймасын жасырмады.
Арада он жыл өткенде, Смит тағы да бәссаудаға жүгінді; саудаласу бұл жолы 250 мың доллардан бастау алған. Көпшілік Смитке ақшаның өз тұрмысына қажетті болғанын айтады, алайда, Смит жайлы 2007 жылы шыққан автобиографияның бірлескен авторы Дэвид Стил мұны теріске шығарады.
"Менің оның жасөпірімдерге арналған спорттық ұйым құрғысы келетінін білетінмін. Түскен қаржының көп бөлігі соған жұмсалатыны анық еді", - дейді Moments in Time бәссауда үйінің өкілі. Смит болса бұл тақырыпта сөз қозғамаған.
Бәссауда көп ұзамай жаңалықтардан берілмей қалған, төмен берілген бағаның өзін айғақтайтын ешбір мағлұмат жоқ. Дей тұра, TommieSmith.com сайтында бүгінде медальдың орны бос тұр...
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: ima-earth.com; mentalfloss.com