- Негізгі бет
- Сочи-2014
- 3000 метрге конькимен...
3000 метрге конькимен жүгіру. Әйелдер: Ирен Вюст топ жарды
Жаңа ғана Сочиде аяқталған әйелдер арасындағы 3000 метрге конькимен жүгіру жарысында голландиялық Ирен Вюст алтыннан алқа тағынды. Ол аталған ара қашықтыққа 4:00.34 уақытын жұмсады.
Күмісті чех қызы Мартина Сабликова иеленді. Ол жеңімпазға (+1.61) уақыт ұтылып қалды.
Ал қола медаль Ольга Графтың еншісінде (4:03.47). Айта кетейік, бұл жарыс қожайындары Ресей командасының қоржынына түсіп отырған алғашқы медаль болып саналады. Жарыстың аталған қашықтығында қазақстандық конькиші қыздар қатысқан жоқ. Команда сапындағы Екатерина Аидова жарыс жолына 11 ақпан күні шығады. Ол 500 метрлік спринтте ел намысын қорғайды.
Ал медальдар саны бойынша Норвегия елі алда келеді (2 алтын, 1 күміс және 3 қола). Екінші орын АҚШ елінде болса (2 алтын және 1 қола), үшінші орына Канадада (1 алтын, 1 күміс және 1 қола).
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: winter.sport-express.ru
Б. Қосмағамбет