19 жастағы жапон спортшысы Юдзуру Ханю мәнерлеп сырғанаудан 22-ші қысқы Олимпиада ойындарында әлемдік рекорд орнатты...
Жапон жігіті бұдан бұрын да керемет көрсеткішке қол жеткізген еді. 2013 жылдың желтоқсан айында 99.84 баллға ие болып, әлемнің үш дүркін чемпионы саналатын Патрик Чанның жеке рекордын бұзған болатын.
Сочи төрінде Ханю өз көрсеткішін жақсарта алды - 101.45.
Ханю Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Гран-При сериясының қазіргі таңдағы чемпионы, Жапонияның екі дүркін жеңімпазы саналады.
Мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасы бүгін кеште басталады. Тартысқа толы болмақ. Жерлесіміз Денис Тен (кешегі сайыста 84.06 ұпай жинап, 9-шы орынға тұрақтады) жүлделі орындардың біріне талас қылып көреді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/9tf8nPBMdIg#t","width":"450","height":"338"});
22-ші қысқы Олимпиада ойындары
Мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама, ерлер
1. Юдзуру Ханю (Жапония) – 101.45
2. Патрик Чан (Канада) – 97.52
3. Хавьер Фернандес (Испания) – 86.98
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: news.rambler.ru