- Негізгі бет
- Сән
- Зои Салдананың стилі:...
Зои Салдананың стилі: арық қыздарға кеңестер
Зои Салдананың пішіні мен сымбатына кез келген голливудтық актриса қызыға қарайды. Актриса кішкентай кезінен бимен айналысқан, осы өнерімен голливудтық продюсерлердің көзіне түскен. Балериналық дарыны мен актерлік шеберлігінің арқасында ол «Авансцена» фильмінде алғашқы рөліне қол жеткізеді. Салдана кинода ғана емес, сән саласында да үлкен жетістіктерге жеткен. Актриса бірнеше рет сәнді фотосессияларға қатысып, бірнеше рет стильді актрисалар қатарына енген. Зои Салдана нәзік, арық пішінді қыздарға қалай киіну керек екенін жақсы біледі, өйткені, мұндай сымбаттың да өз кемшіліктері болатыны рас.
66-шы Канн кинофестиваліне Зои Салдана иығында жалпақ аспа бауы бар ұзын салтанатты кешкі көйлекте шықты. Көйлектің кеудесі мен етегі ұсақ гүлдермен кестеленген. Бойы 169 сантиметр болатын Зои Салдананың салмағы 50 килограмм. Арықтығын жасыру үшін актриса кестелі немесе аппликациялары бар қалың маталарға ден қояды. Ірі фактура шағын кеудені жасырады.
Көйлек немесе шалбардың белі жоғары орналасуы бойдың аласалығын жасырады. Үйлесімділікті құртып алмас үшін бэби-долл стиліндегі киім таңдау қажет емес. Бел сызығы стандарттан бар-жоғы екі сантиметрге жоғары болса жеткілікті. Зои Салдана өз мысалында сырт көзге ұзын болып көрінуді көрсеткен. Джимми Фэллонның түнгі шоуында актриса орташа ұзындықтағы қою қызыл көйлекті таңдаған. Көйлектің үстіңгі жағы кең болғандықтан ұзын белдемшені теңестіріп, иесіне бірнеше сантиметр қосып берген. Мұндай киім қысқа белдемшемен жалпақ табанды аяқ киіммен жақсы көрінеді.
Клеш стиліндегі шалбарлар аяқтың арықтығын жасырып тұратыны бұрыннан мәлім. Алайда, клеш шалбар барлық типтегі қыздарға жарасады: ең бастысы – фигураға сай джинсы таңдау. Зои Салдана мұндай шалбардың «сиқырын» жақсы біледі. Оны платформалы аяқ киім және гүлді блузкамен үйлестірген.
Шағын кеудені үлкейтіп көрсететін көптеген амалдар бар. Перделер, пайеткалар, пуш-апты іш киім, шілтерлер, қабаттар – тізімді әрі қарай да жалғастыра беруге болады. Тағы бір әмбебап тәсіл – көлемді декор. Зои Салдана сияқты кеудесінде көлемді бөлшектері бар киімдерге назар аударыңыз. Актриса Канн қаласында өткен Dior кешіне жіңішке ақ көйлек киіп барған. Көйлектің кеудесі шілтер мен пайеткадан тігілген қара омыраушамен әшекейленген. Мұндай бөлшектер басты назарды кеудеге аудартса да, көптеген арық қыздардың кемшілігі – кішкентай кеудені жасырады.
Биік өкше мен орта ұзындықтағы көйлек былғары күртешемен үйлескенде екі мәселені шешеді: мүсінді «ұзартады» және пішіннің жоғарғы жағына көлем береді. Дәл осындай киіммен Зои Салдана Канн кинофестиваліне қонаққа келген. Актриса ассиметриялы етегі желбіреген көйлек пен сол түсті косуханы таңдаған. Алайда стилистер арық қыздарға қошқыл түсті киімдерге көп жоламауды ұсынады. Қара түс тек ақшыл реңктермен үйлескенде ғана ұтымды көрінеді.
Нәзік қыздарға твид және тоқыма мата сияқты қалың маталар ерекше жарасады. Ғұмырында арықша келбетімен есте қалған Коко Шанель бәрінен бұрын букледен тігілген жакетті жақсы көрген. Зои Салдана да шаралардың біріне шалбармен үйлескен қайырма жағалы твид жакетпен келген. Айтпақшы, маусымның ең сәнді шалбарлары – принтті шалбарлар аласа бойлы арық қыздарға жақсы жарасады.
Киімнің жоғарғы жағындағы көлденең жолақтар кішкентай кеудеге көлем беріп, мықынды айқындап, қосымша келі қосады. Тік жолақтар ұзын арық қыздарға жараспайды, бірақ аласа бойлы қыздарға келеді. Зои Салдананың бойы орташа болғандықтан, көлденең жолақты ұзын көйлектерді таңдауына әбден болады.
Сурет: wday.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina