- Негізгі бет
- Сән
- Зергерлік бұйымдар: Dior...
Зергерлік бұйымдар: Dior Jewellery үйінің әшекейлері
Christian Dior сән үйінің бір бөлімі - Dior Jewellery өзінің ерекше дизайнымен көзге түседі. Виктория де Кастелланның қолынан шыққан бұл бұйымдар әрбір аруға нәзіктік пен сенімділік сыйлайды.
Rose Dior Bagatelle мен Rose Dior Prè Catelan топтамалары
Rose Dior Prè Catelan
Rose Dior Bagatelle мен Rose Dior Prè Catelan топтамалары - Кристиан Диордың өз бағында бар махаббатымен өсірген гүлге деген құрмет. Кристиан Диордың қолтаңбасында ерекше орын алатын гүлді мотив оның киім үлгілерінде де, иіссуларында да талай жылдан бері сақталған. Rose Dior Bagatelle мен Rose Dior Prè Catelan топтамаларын жасаудағы Виктория де Кастелланның шабыты осы суретшінің гүлдеріне деген құрметі мен Францияның ең үлкен раушан гүлді бағында жатыр. Әшекей бұйымдар 18 каратты ақ алтыннан жасалып, гауһар тастар мен жақұтпен әсемделген.
Rose Dior Bagatelle
My Dior топтамасы
My Dior
«Cannage» желісінде дайындалған классикалық үлгідегі My Dior әшекейлерінің басты ерекшелігі – өрілген сабан сияқты әсер беретін алтын кесте. Оның әр сызығы айырылмас достық пен махаббатты бейнелейді. 18 каратты сары алтыннан жасалған.
My Dior
Jardin De Milly-la-Forèt
Jardin De Milly-la-Forèt
Милли-ла-Форедегі Кристиан Диордың бағынан шабытын оятқан зергердің әсем туындысы – Diorette әшекейлерінің әр бөлігі жеке-жеке лакпен қапталған. 18 каратты ақ алтын, гауһар тас, жасыл түсті ақық, аметист, алқызыл, сары түсті жақұт, цаворит тастары – бәрін осы топтамадан көруге болады. Өсімдік тақырыбын тамаша ашатын топтама үш түрлі нұсқамен әртүрлі түсте ұсынылады.
Jardin De Milly-la-Forèt
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: dior.com
Y. Smaghul