Жаздың ыстық күндері шаш үлгісін жасауға көп уақыт пен күш жұмсағымыз келмейді. Оған қоса, күрделі шаш үлгілері ыстықта ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Өздігінше бірнеше минутта жасауға болатын стильді шаш үлгілерін ұсынамыз.
Шашты үлкен резеңкемен төменге буу
Шашқа арналған жібек, барқыт және былғары үлпілдек үлкен резеңкелер — осы жаздың басты аксессуарларының бірі. Өлшемі стандартты емес резеңке қарапайым шашты төменге бууды әсерлі жазғы шаш үлгісіне айналдырады. Мұндай резеңкелердің әртүрлі ашық түстеріне мән беруді ұсынамыз.
Орамалмен шаш үлгісін жасау
Шашты күюден, ал басты қызып кетуден қорғау үшін орамал пайдаланыңыз. Орамал — сәннен шықпайтын аксессуарлардың бірі. Жібек немесе мақта орамалды бандана ретінде немесе классикалық түрде тағуға болады. Орамалдың біртүсті түрлері де, гүлдермен және басқа да суреттермен безндірілген ашық түсті түрлері де тренде болады.
Шашты жартылай түю
Бұл бірнеше минутта жасауға болатын тағы бір жазғы шаш үлгі. Шашты бір және екі жерден жартылай түю стильді көрінеді. Мұндай шаш үлгісін дөңгелек сырғамен және әртүрлі өлшемдегі және стильдегі алқалармен үйлестіруге болады.
Шашты өру
Шашты өру — жаздың ыстық күндері өзіңізді жайлы сезіндіретін шаш үлгі. Шашты екі жаққа буып, кейін оларды өру қайтадан сәнге оралды. Сондықтан мектеп кезіндегі шаш үлгілеріңізді еске түсіріп, ойланбастан, қайтадан жасап көрсеңіз болады. Егер шашыңыз бұлай өруге қысқа болса, маңдай тұсындағы шашты екі жаққа жіңішке етіп өріп қойыңыз. Ал қалған шашты жіберіп қоюға немесе төменге түйіп тастауға болады.
Буылған шашқа бірнеше резеңке тағу
Мұндай шаш үлігісі ұзын шашты қыздарға жақсы келеді. Ол стильді көрінеді және шаштың ыстықтан мойынға жабысып қалуынан құтқарады. Мұндай шаш үлгісін жасау үшін алдымен шашты жоғарыға немесе төменге буыңыз. Содан соң бірдей арақашықтықта кішкентай резеңкелермен тағы да буыңыз.
Қыстырғыштармен шаш үлгісін жасау
Шаштың мойынға немесе бетке жабысуынан құтқаратын тағы бір әдіс — қыстырғыштар қолдану. Бұрын қыстырғыштар шашта көрінбеу керек деп саналатын, ал қазір олар стильді аксессуарға айналды. Шашта ашық қыстырғыштар қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы. Базалық жіңішке металл қыстырғыштар да, моншақтармен безендіріліген көлемді түрлері де трендте болмақ.
Ерекше және көлемді аксессуармен қарапайым шаш үлгісін жасау
Жазда шашқа арналған үлкен ерекше аксессуар алып қойған жөн. Мұндай ерекше краб немесе қыстырғышпен шашты қарапайым жинай салғанның өзі әдемі көрінеді.