Егер галереяға баруға ерінсеңіз, картиналарды киіп жүріңіз, деп қалжыңдайды Vans брендінің директоры. Сән үйінің жаңа топтамасы толықтай ұлы шебер Винсент Ван Гогтың шығармашылығына арналып отыр. Бір қызығы, бұл ойдың жүзеге асуына Амстердамдағы Ван Гог мұражайы ұжымы ықпал еткен. Vans x Van Gogh Museum коллекциясына қылқалам шеберінің Күнбағыстар, Миндаль түсі сынды атақты туындылары мен автопортреттері пайдаланылған. Әр киімге картина туралы қосымша мәлімет ұсынатын қағаз тігілген. Бұл суретшілердің галереялардан тыс орындарда да танымал болуына әсер етеді. Жастарды өнерге тартады, дейді жоба туралы мұражай директоры Ариана Донсельман. Мұражай сатылымнан түскен ақшаның белгілі бөлігін суретші мұрасын сақтау мақсатында өзіне алып отырады.