- Негізгі бет
- Сән
- Ұзын шашты қыз...
Ұзын шашты қыз – қандай болса да әдемі
Бүгінде адамдар ұзын шаш – жай ғана қыздардың таңдауы деп ойлайды. Алайда олар жай ғана нәзіктік пен әдемілік беруден бөлек, шашта қандай сыр мен сиқыр жатқанына көңіл бөле бермейді.
Шаштың ұзын болуы әйел затының сұлулығы мен ішкі рухы күштілігі, денсаулығы жақсы болуы, жігіттерге бейсаналы түрде бұл ұнайды. Шаштың сау болуы ішкі ағзалардың ғана емес, әйел құрылысындағы гормондық жүйелердің жақсы жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
Статистика бойынша, ер азаматтар қыздардың сұлулығын бағалағанда сыртқы мүсіні мен көзінен кейін шашты үшінші орынға қояды. Шашы ұзын қыздарға бірінші көзі түседі.
Тағы бір қызық жайт, психологтардың жүргізген зерттеуі. 5 жастағы балалар анасының суретін салғанда анасының шашы қысқа балалардың өзі 95 пайызы анасын ұзын шашты етіп салған екен. Демек, балалар да нәзік, мейірімді, көрікті анасының ұзын шашы болғанын қалайды.
Тағы бір статистика бойынша, ер адамдардың 80 пайызы шашы қысқа қыздар агрессияға бейім әрі ұл сияқты болатынын көрсеткен.
Сұлулық байқауларын да қарап отырсаңыз, қыздардың барлығы дерлік ұзын шашты болады, ешқандай қысқа шашты қыз қатыспайды.
@. @assel_assanova