- Негізгі бет
- Сән
- Ұзаққа дейін сәннен...
Ұзаққа дейін сәннен шықпайтын 5 жазғы тренд
Тренді киім сатып аларда оның бірнеше айдан кейін сәннен шығып кетпейтініне сенімді болғың келеді. Сондықтан ұзақ уақыт өзінің сәнді киімдер қатарында келе жатқанын дәлелдеген киімдерге инвестиция жасаған дұрыс. Ендеше, осындай 5 қарапайым жазғы трендті ұсынамыз.
Ақ джинс шалбар
Осы мерзімде денимнің ашық реңкті түрлері сәнде. Оның ақ және ақшыл сары реңктеріне мән беріңіз. Олар үйреншікті көк реңктерге қарағанда әдемі әрі заманауи көрінеді. Оған қоса, олар классикаға айналды. Сондықтан әлі ұзақ уақыт сәннен шықпайды.
Ретро-кроссовка мен кеды
Винтаждық дизайндағы кроссовкалар мен кедылар тренд болып қалуда. Сәнқойлар оларды джинс шалбарымен, шолақ шалбармен, шалбарлы костюмдермен және нәзік жазғы көйлектермен киіп жүр. Олар трендтен кеткен "ugly sneakers" кроссовкаларына қарағанда әлі ұзаққа дейін сәнде болады.
Оверсайз жейде
Біртүсті мақтадан тігілген «ерлер» жейдесі — әмбебап киім. Ол барлық дене типіне жарасады және оны барлық киіммен үйлестіруге болады. Ақ оверсайз жейде — әзір сәннен шықпайтын классикаға айналған киім.
«Вьетнамдық» тәпішке
Соңғы бірнеше жылда «вьетнамдық» тәпішкелер ең сәнді жазғы аяқ киім мәртебесін қайтарып алды. Әсіресе, оның 90-шы және 2000-шы жылдар стилінде жасалған табаны қалың түрлері кең таралып жатыр. Оларды карго, балағы кең тұратын және зығыр шалбарлармен кию ұсынылады.
Жібек көйлек
Виктория Бэкхем үлкен баласының тойына жібек көйлек киім келді. Осыдан жібек көйлектердің әлі де сәнде екенін және әзір сәннен шықпайтынын көруге болады. Егер осы уақытқа дейін мұндай көйлек алмаған болсаңыз, әлі де кеш емес. Оған қоса, мұндай көйлектер тақасы бар аяқ киіммен де, жазғы тәпішкелермен де, кедылармен де жараса береді.
А. Жапатова