Универге жиналайық!

Әне-міне дегенше, оқу жылы да басталуға жақын. Екі-үш айда адам келбеті бірден өзгеріп шыға қоймас. Алайда, топтастарыңды ерекше стиліңмен, әдемілігіңмен, жалпы жаңа образыңмен таң қалдырсаң болады.

Төмендегі образдарды пайдалана отырып, киім таңдауда, сапалы әрі сәнді образ жасауға болады.

Мектеп болсын, универ болсын, ақ кофта мен қара юбка классикасын ешкім сәннен шығарған емес. Алайда кофта міндетті түрде ақ болмауы мүмкін және туфли міндетті түрде қара болу керек деген де заң жоқ.

Қара костюм-шалбар киіп, көптің көзіне түсе қоймасың анық, алайда ішінен алқызыл кофта киіп, түрлі аксессуарлар тағып алсаң, құрбыларыңның назарынан тыс қалмайсың.

Немесе ақ шалбар киіп те жеңілмейсің, әсіресе биік өкшелі туфли таңдасаң. 

Кез келген жерге, кез келген ортаға киіп баруға болатын әмбебап киім - ол, әлбетте, джинса. Тек оны фигураға сай таңдап алсаң және әдемі аксессуарлармен сәндей білсең, болды. Мына образ өте нәзік көрінеді.

Жайдары жазбен әлі қоштаса алмай жүрсең, мынадай жаз-күз нұсқасында киініп көр.

Сәнді болу үшін тіптен қарапайым киімдер де жеткілікті.

Таңертеңгі салқында жылы кофтаны киіп аласың да, түсте ысығанда ақ майкамен жүгіріп жүресің. Керемет емес пе?!

Ашық түстер жетіспейді десең, сарғылт түсті пиджакқа қалай қарайсың?

Көгілдір ақық - осы жылдың хиті!

Ал негізі күзбен бірге жаңбырлы күндер мен суыққа да дайындала берген жөн. Ашық аяқ-киім мен аксессуарлар образыңды айқындай түспек.

Қарапайым ақ жейде мен сәнді джинсаға сәтті таңдалып алынған аксессуарлар мен ботильон бір сәтте сізді универдегі сәнді арулардың қатарына қосып жібереді.

 

Қоңыр күздік бәтеңкені қазір кие қоймайтының анық. Алайда қазір дайындап қоюға ешкім кедергі болмас.

Суреттер: pinme.com

Дайындаған: Анар Мұстафина