- Негізгі бет
- Сән
- Украиналық дизайнер Қазақстанға...
Украиналық дизайнер Қазақстанға жаңа топтамасын ұсынды
Анастасия Иванова – әлемге аты әйгілі «Instituto Marangoni Paris» дизайн мектебінің түлегі, украиналық дизайнер, Ukrainian Fashion Week шарасының тұрақты қатысушысы.
Дизайнер 2006 жылы «Nai Lu-na by Anastasiya Ivanova» атты брендін шығарады. Арада 2 жыл уақыт өткен соң жеке өнеркәсібін ашады.
Дизайнер жылына 4 топтама дайындайды. Сол топтамаларының бірін 17-19 қазан аралығында өткен Қазақстан сән апталығында таныстырды.
Әлемнің вице ханшайымы Олеся Стефанко, Украина халық әртісі Ольга Сумская, әншілер Alyosha, ILLARIA, Оля Полякова, Анна Добрыднева, тележүргізушілер Соломия Витвицкая және Валерия Черненко секілді клиенттері бар.
Анастасия Иванованың «көктем-жаз 2015» топтамасы - әдеттегідей нәзік иірімдері мол, барынша романтикалық образдар. Нағыз ханшайымдарға арналған. Әр образда классика мен заманауи стиль біріктірілген. Ол қайталанбас, әрі бірегей. Әлемге махаббат пен нәзіктікті сыйлау үшін жаралған.
Топтама ассортиментінде көйлектер, белдемшелер, кеудешелер, жакет пен көктемдік пальто бар. Аталған модельдер түрлі суреті бар жаккард матадан тігілген. Оларды арнайы Парижде өтетін «Premier Vision» көрмесінен алдырады.
Топтаманы тігу барысында ақ, көк, ақшыл көк түстер пайдаланылған. Бұдан өзге топтамада эксклюзивті авторлық сөмкелер де бар. Осы жылы Анастасия Иванованың топтамасы 4 елде көрсетіледі. Қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында көрсетіліп үлгерді. Біздің елімізде көрсетілгеннен кейін тікелей Жапонияға жол тартады.
Сурет: massaget.kz
Қ. Бүйенбай