- Негізгі бет
- Сән
- Тырнақ сәні: "Сынған...
Тырнақ сәні: "Сынған әйнек"
Фото:
rudaki.ru
Бүгінгі таңда тырнақтарымызды түрліше сәндеуге бөледі. Пішінінен бастап, бетіндегі әдемі суретін де өзіміз таңдай аламыз. Осы маусымда әйнек сынығының элементтері бар маникюр сәнде болады. Оны сіз де жасап көріңіз.
Бұл маникюр кәдімгі әйнек сынықтарынан жасалады деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Өйткені кәдімгі әйнектің теріні зақымдауы ғажап емес. Оған арналған арнайы майда сынықтарды дүкеннен сатып алуға болады.
«Сынған әйнек» атты маникюрді жасау өте оңай. Алдымен, тырнағымыздың ретке келтіріп, түрлі-түсті лак жағамыз. Артынша түссіз лак жағып, ол кепкенше әйнек сынықтарын жабыстырып үлгереміз.
Ал сізге бұл дизайн ұнай ма?
Қ. Бүйенбай