Бір жерге бару үшін шашыңызды сәндеп, әдемі көйлегіңізді киіп алған соң тырнағыңызды боямағаныңызды есіңізге түсірдіңіз бе? Уайымдамаңыз, біз сізге тырнақ бояуын жылдам кептірудің бірнеше тәсілін ұсынамыз.
1-тәсіл: Суық су
- Табаққа суық су құйып, ішіне мұз шаршыларын орналастырыңыз.
- Тырнаққа бояуды жағыңыз. (Қолыңызды суға салған соң бояуды бірнеше қабат етіп жағуыңызға болады).
- Қолыңызды ақырындап суға салыңыз.
- Қолыңызды судың астында 3 минут ұстаңыз. Су суық болған сайын, бояу да жылдам кебеді. Егер суық суға қолыңыз төзсе, 5 минутқа дейін ұстауыңызға болады. Мұндайдан кейін жағылған бояу ұзаққа шыдайды.
2-тәсіл:
- Қолыңызды 1 минутқа тоңазытқышқа салыңыз. Бір жаққа қатты асығып тұрсаңыз, соғұрлым температураның төмен болғаны жақсы.
3-тәсіл:
- Фенді пайдаланыңыз. Шашымызды кептіруге арналған құралды өзге мақсаттарға да қолдануға болады. Бірақ арнайы тетігін басу арқылы суық ауамен кептіріңіз.
4-тәсіл:
Аэрозоль. Үйіңізде компьютер мен теледидардың шаңын сүртуге арналған сұйықтық бар шығар. Оны сұлулықты сақтап қалу мақсатында пайдаланып көріңіз. Бірақ алыстан себіңіз, әйтпесе маникюріңіз құртылуы мүмкін.
Қосымша кеңестер:
- Қолды тоңазытқышқа салу – ең ұтымды тәсіл. Бірақ суық су тырнақ бояуын одан да жылдам кептіреді;
- Мұз салынған суды тырнағыңызды боямай тұрып дайындап алыңыз;
- Әрдайым бояуды жұқа қылып жағыңыз;
- Дүкендерде бояуды кептіруге арналған спрейлер сатылады;
- Суықты ұнатпасаңыз, шамды пайдаланып көріңіз. Бірақ қолыңызды алыста ұстаңыз;
- Немесе желдеткішті пайдаланыңыз. Небары 5 минуттың ішінде әдемі маникюріңіз дайын болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет:wikihow.com