Образды мінсіз етіп көрсететін шарттардың бірі - түстердің дұрыс үйлесімі. Әр маусым сайын трендті түстер өзгеріп тұратыны бәрімізге белгілі. Ал кейбір түстер сән, трендке тәуелсіз болып келеді.
Түстерді дұрыс үйлестіруді үйренейік:
1. Сары мен жасыл
Көктемгі трендті түстерінің бірі - сары. Осы нәзік әрі жұмсақ түс жасылмен бірге керемет үйлесімін табары сөзсіз. Жасылдың ашық, қаралау реңктері мен көгілдір түспен үйлестіруіңізге болады. Алайда образыңызда сары түс басымрақ, ал көк түсті тек бір элемент болуы керектігін ескеріңіз.
2. Лимон түсі
Жоғарыда айтқанымыздай сары түс трендте болғандықтан, оның лимонды реңкін пайдаланбау мүмкін емес. Оны Қарбыз түсті жасыл мен лазурьды көкпен үйлестіруіңізге болады.
3. Коралл мен ашық көк
Өте нәзік әрі батыл түстердің бірі - коралл мен ақшыл көк. Оларды суреттегідей алқызыл түсімен де үйлестіріп киюге болады.
4. Жазғы образ
2015 жылдың көктем-жаз маусымының трендті түстерінің бірі - көк. Көктің түс палитрасында көкшіл, көгілдір түстері бар екені бізге белгілі. Бұл образда "омбре" стиліндегі белдемше өзіне 3 түсті сыйдырған: ақшыл, көкшіл және көгілдір. Бұл ашық түстерді таңдағанда ақ, ақшыл түстен артық түсті киімді киюдің қажеті жоқ.
5. Алхоры түсі
Топтаманың ең әдемі түстер үйлесімінің бірі осы болар. Классикалық қара, ақ түстерінің алхоры, яғни қара өрік түсімен және соның ашықтау реңкімен үйлесімі кез келген аруға ұнамды болары сөзсіз. Себебі өте сирек кездесетін бұл түстер үйлесімі нәзік жандыны байсалды, сәнді етіп көрсетіп, талғамы жоғары екенінен хабардар етеді.
6. Алқызыл реңктері
Нәзік жандылардың көбіне ұнамды түстердің бірі - алқызыл. Суретте көріп тұрғаныңыздай, бұл түс сұр, көкшіл, солғын көгілдір түстерімен тамаша үйлесімін табады.
7. Джинс
Өткен жылғы жаз маусымының трендті "деним жейдесі" әлі ондаған жыл трендтен кете қоймас. Сондықтан өзіңізге ұнамды, бостау тұратын джинс жейдесін алып қойғаныңыз абзал. Джинс түсі ашық қоңыр, ақшыл түстермен жақсы үйлеседі.
8. Қыша түсі
Қыша түсі сарының тағы бір реңкі. Ол сұр, көк, джинс түстерімен тамаша үйлеседі. Бұл түстер үйлесімі көбінде бидай өңді аруларға жарасымды.
9. Қоңыр мен көкшіл түстері
Қоңыр түсі өзіне жақын ашық қоңыр, хаки түстерімен және көкшіл (бирюза) түсімен жақсы үйлесетінін суреттен көріп тұрсыз. Образ түстерінің басымдылығы қоңыр реңкіне берілсе, көкшіл түсі образдың 30 пайызын құрағаны абзал.
10. Теңіз реңкі
Көптеген аруға ұнамды теңіз стиліндегі жейде трендтен қалар емес. Себебі кез келген аруды сымбатты, кербез етіп көрсететіні анық. Ол көкшіл, қоңыр және сарының қыша реңкімен үйлеседі.
Бұл материал сізге пайдалы болады деген үміттеміз. Сұлу да сымбатты болыңыз, арулар!
Сурет: winwalls.ru, adme.ru