Бұған дейін киімді үйлестіріп кию жөнінде кеңес бере кеткен едік. Қалай арзан әрі сәнді киінуге болатыны да назарымыздан тыс қалмаған болатын. Қалай киінуге болмайтыны туралы оқығыңыз келсе, мына жазба сіз үшін. Енді киімдегі түстер үйлесімділігі туралы айтамыз.
Түстер үйлесімділігінде басты мынадай қағидалар бар:
Образыңызда кем дегенде, 4 түс болсын. Тек бір түспен киінсеңіз, бейнеңіз ашылмайды. Ал 4 түстен артық түспен киінер болсаңыз, тотықұсқа не сайқымазаққа ұқсап қаласыз. Киіміңізде міндетті түрде негізгі бір түс болу керек, қалған түстер қосымша рөл атқарғаны дұрыс. Қара, ақ түстер – әмбебап түстер болып саналады. Яғни, барлық түспен жараса береді деуге болады. Сондықтан, бұл түстерді көбінесе негізгі түс ретінде таңдайды. Образды ашу үшін түрлі аксессуарлар көмекке келеді. Ақ түс бәрімен жарасады. Әсіресе, көк, қызыл, қара түспен үйлеседі. Ал қара бәрінен де сарғылт, алқызыл, ақ, қызыл, сары түстермен жақсы жарасады.Енді басқа түстердің қандай түстермен жарасатынын айтып өтейік:
Сарғыш (ақшыл сары) түс көгілдір, қызыл қоңыр, изумруд, қара, қызыл, ақ түстермен келеді. Сұр түс фуксия, қызыл, күлгін, алқызыл, көк түстермен жақсы жарасады. Алқызыл түс қызыл қоңыр, ақ, сұр, көгілдір ақық түстермен жарасым таппақ. Фуксия (күңгірт алқызыл) түс сұр, қызыл қоңыр түстермен үйлеседі. Қызыл түс сары, ақ, жасыл, көк, қара түстермен жарасады. Томат қызыл түсті киімді көгілдір, құм түс, сұр түстермен киіңіз. Сарғылт түс көк, көгілдір, қызғылт (лиловый), күлгін, ақ, қара түстермен үйлеседі. Сары түс көк, қызғылт, ақшыл көгілдір, күлгін, сұр, қоңыр түстермен жақсы кетеді. Жасыл түс сарғылт, сары, сұр, қара түстермен жарасады. Көгілдір түс қара, сұр, қызыл қоңыр, сарғылт, алқызыл, ақ, сары түстермен үйлесім таппақ.Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: mail.ru