Түсті джинсы - күздік тренд

Түсті джинсы - күздік тренд

Көк джинсы шалбары қазірде классикалық киім түрі десек те болады. Ал күз нағыз джинсы мезгілі емес пе? Алайда осы күзде шаршатқан көк емес, түсті джинсы шалбарына назар аударып көріңіз.

Күз түстері

Жазда трендте болған пастель, жарқын түстерді енді ұмытыңыз. Бұл күзде нағыз күздік түстер сәнде болады: жасыл, құм, саз түстес джинсы сізді нағыз сәнқой қылады.

Күлгін

Күлгін түс осы маусымның сәнді түстерінің арасындағы ең танымалы болмақ. Осы түстің кез келген реңкін таңдаудан қорықпаңыз, күлгін басқа көптеген түстермен жарасады. 

Қызыл

Қанды қызыл түс келген күздің тағы да бір тренді. Дизайнерлер осы түстің ең қанық, ең жарқын реңктерін таңдауға кеңес береді.

Өрнекті джинсылар

Бір түсті киім жалықтырды ма? Ендеше ерекше ою-өрнектермен әшекейленген джинсыларды таңдап көріңіз.

Сізге қайсысы ұнады?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: fashionising.com

С. А