Циферблатында Коко Шанель бейнеленген сағат топтамасы шықты

Chanel сән үйі Mademoiselle J12 аталатын сағат үлгісінің жаңарған нұсқасын жасап шығарды. Ол классикалық ақ-қара түсті. Сағаттың циферблатында Коко Шанель бейнеленген.

Шектеулі коллекцияда бар болғаны 555 экземпляр ғана бар. Mademoiselle J12 сағатының сатылымы алдында сән үйі анимациялық фильм шығарды. Қысқа промороликте мадемуазель Коко өзінің ақ твид-костюмін киіп, ақ сағаттың циферблатынан шығады да, қара түсті  сағаттың циферблатына кіреді.