Трендті талғамыңа ыңғайлау

Трендті талғамыңа ыңғайлау
Фото: fashion-journal.ru

Сән әлемінде жыл сайын тренд киімдер шығып отырады. Олар бір-екі маусым ғана трендте болуы мүмкін. Ал кейбіреуі көпшілікке ұнап, бірнеше жыл сәннен шықпай-ды. Бүгін 2021 жылы сәнге айналатын киімдер туралы ақпарат беремін. Оның кейбірі сізге ұнамағанымен, кейбірі көңіліңізден шығатын шығар. Сәнге ілесемін деп, жеке талғамыңызды ұмытпаған жөн.

1. Алқызыл, қызғылт түсті киімдер. Осы маусымда көптеген дизайнердің топтама-cында осы түс болады. Нақ алқызыл, қызғылт түс болмаса да, ашық және қою реңкі болуы міндетті. Кішкентай қыздар ғана емес, бойжеткендер, қыз-келіншектер де осы түсті ұнатса, гардеробына қосып қойса болады. Тұтастай қызғылт түсті немесе акцент ретінде қызғылт түсті аксес-суар (сөмке, шарф, баскиім, аяқкиім, белдік т.б) қолдануға кеңес беремін.

2. Шынжыр бұйымдар. Мұндай бұйымды әшекей ретінде тағуға немесе шынжыры бар сөмке, киімдер қол-дануға болады. Суретте шынжыр бұйымды  кешкі көйлектермен үйлестіру үлгісі көрсетілген. Көп қыздарға шынжыр дөрекі бұйым боп көрінуі мүмкін, бірақ үйлестіре алсаңыз, нәзіктік символына айналдыруға болады. Күнде-лікті өмірде киюге болатын шынжыр үлгілерін кез келген дүкеннен таба аласыз. 

3. Трикотаж киімдер. Мұндай киімдер тек жылы маусымда емес, жазда да сәнде болады. Жұқа трикотаж түрінен тігілген поло, көйлек, шолақ шалбар биыл сәнді киімдер қатарында.

4. Былғары. Биыл да теріден жасалған киімдер трендте болады. Жалпы мұндай киімдер ешқашан сәннен шықпайды. Гардеробыңызда әртүрлі түстегі ұзынша жакет, трапеция юбка, белі жоғары шалбар, көйлек пен сарафан болса, биыл сәннен қалмайтын адамсыз.

5. Кроше техникасы. Мұндай киімдер нәзік дизай-нымен танымал. Кроше техни-касындағы жылы кардиган, жеңіл романтикалық үлгідегі көйлектер кисеңіз болады. Қолдан жасалған үлгілері де биыл ерекше сұранысқа ие болады.

6. Шақпақ, тор сызықты киімдер (клетка). Мұндай принттегі киімдер ешқашан сәннен шықпайтын шығар. Бір түсті киімнен жалықсаңыз, шақпақ пен өзге де принті бар киімдерді байқап көріңіз. Жакет, юбка, шалбар, сырт киім, аяқкиім, сөмке, баскиім мен шарфта да шақпақ принт болуы мүмкін.

7. Ашық түсті киімдер (color block). 2021 жыл сәнқой аруларға түстердің түрлі  бояуын ұсынады. Ашық, қанық түстегі киімдерді суретте көрсетілгендей киюге болады. Дизайнерлер  бір түсті киімдерді әшекейсіз киген үйлесімді көрінетінін айтады. 

8. Костюмдер. Бұрын шалбарлы костюм тек ер адамдарға тән сияқты көрінетін. Бірақ сән әлемі бұл пікірге қарсы. Биыл денеде бос тұратын шалбарлы костюм сәнде. Шалбары мен костюмін басқа киімдермен үйлестіріп киюге де болатынын ұмытпаңыз. 

9. Жеңі көлемді киімдер. Романтикалық стильде киінгенді ұнататын арулар үшін таптырмас тренд. Мұндай жеңді киімдер иық өлшемі  кішірек мүсінді жақсы түзетеді.

10. Аяқкиім. Сәнқой арудың гардеробында бір емес, бірнеше аяқкиім болуы керек. Қалың табанды, казак үлгідегі етік, кең қонышты етік, лофер, платформа кроссовка, өкшесі ерекше үлгідегі немесе түрлі түсті туфли 2021 жылы сәнге айналады. 

Бұл трендтер ұзақ мерзімге немесе қысқа уақытқа ғана сән әлеміне келуі мүмкін. Сондықтан бәрін бірден сатып алудың және барлығын бір уақытта киюге тырысудың қажеті жоқ. Трендтегі киім үлгісін таңдағанда терінің түсіне, бой ұзындығы мен мүсінге де мән беру керек. 

Ұнатқан трендтерді әуелі дүкенге барып, киіп көріңіз. Себебі сән көрсетіліміндегі киімдердің дизайны жергілікті дүкендерге жеткенше түрлі өзгеріске ұшырауы мүмкін. 

Сән әлемінен қажет ақпа-рат алып, жаңалықтардан хабардар болып отыру үшін әлеуметтік желіде стилист мамандардың парақшасы мен кеңесін оқып, бақылап жүру керек деп ойлаймын. Өмірдің басты мақсаты өз орныңды табу болса, сән әлемінің басты мақсаты – сізге лайық киім үлгісін табу. 

P.S. Сократ айтқандай, «Нашар талғам – дәстүрдің құлдырауының белгісі. Киім кигенде сәнді болыңыз, бірақ сәнқой болмаңыз. Себебі сәнді болу – әдептілік, сәнқой болу – нысапсыздық». Маржан Абишева айтқандай, сән әлеміндегі трендті емес, сәні мен түсінігі жарасқан «өзіңізді» іздеңіз. 

ulan.kazgazeta.kz

@. @assel_assanova