Kөктемгі-жазғы киім үлгілерін ұсынатын сән маусымында дизайнерлер (Симон Жакмю, Вирджил Абло, Миуччи Прада) сабан қалпақшалардың түрлі үлгілерін ұсынды. Бұл бас киім сол сәтте-ақ трендке айналып үлгерді. Олардың популяризациясына ықпал етіп жатқан тағы бір сән үйі атақты Диор. Оның бас дизайнері Мария Грация Кьюри escaramuzas аталатын мексикалық шабандоз қыздардың қалпақтарынан шабыт алып, жаңа топтама жасады. Оның көрсетілімі Шантийя сарайының ипподромында өтті. Сән өндірісінде өзін қалпақ шебері ретінде танытқан Стивен Джонстың жұмысы жиналған қауымды тәнті етті. Бұрын Louis Vuitton, Burberry, Comme des Garons компанияларында еңбек еткен дизайнер қашан да мінсіз талғамымен ерекшеленетін. Енді этникалық сарындағы әдемі сомбреро сіздің гардеробыңыздан табылуы тиіс.