- Негізгі бет
- Сән
- Тренд: Медициналық маска...
Тренд: Медициналық маска
Қазір әлемнің ең әдемі қалаларында бірінен соң бірі өтіп жатқан сән апталықтарына жолыңыз түсе қалса, «жұрттың бәрі тұмауға шалдыққан ба?» деген ойға қаласыз. Себебі, көпшілік жүздерін жасырып, медициналық маска тағып алған.
Олардың қарапайым маскалардан айырмашылығы – түрлі түсті болуы мен белгілі сән үйлерінің логотиптері бейнеленуі.
Бұл үрдісті бірінші болып Эстер Берг есімді блоггер бастаған. «Мен тұмау тигізуден қорқамын, бірақ соған бола сән апталықтарынан құр қалғым келмейді»,– дейді ол. Блоггер қауіпсіздік құралын сәнді етіп көркемдеп алу әркімнің өз қолында екенін айтады.
Жалпы, «маска тағу мәдениеті» Сеул (Оңтүстік Корея) және Токио (Жапония) тұрғындарынан тараған. Аталған аймақтарда ауаның лас болуы салдарынан олар осындай қадамға баруға мәжбүр. Сондықтан, дүкендерде логотипті маскалардың миллион түрлі нұсқасы бар.
А. Оралқызы