- Негізгі бет
- Сән
- Тренд: Қоңырдың барлық...
Тренд: Қоңырдың барлық реңдері
Фото:
vk.com
Суық мезгіл келсе, бірден қара түске "шабуды" қоятын уақыт келген сияқты. Қазір күзгі киімнің қоңыр түсті болуы трендкке айналған.
Атақты Chloé, Ports 1961, Victoria Beckham, Marni, Miu Miu, Jacquemus мен Derek Lam секілді сән үйлерінің күз бен қысқа арналған топтамалары осы түстің барлық реңдеріндегі киімдер үлгілерін ұсынып отыр.
Әсіресе, күзгі сырт киімдер ашық қоңырдан шоколад түсіне дейінгі реңдерді қамтиты, тіпті, total look образдар да бар. Үстіңіздегі шүберек үйлесімді көрінуі үшін былғары, замша, тоқыма немесе велюр киімдерді бірге кигеннің өзі жетіп жатыр.
Аяқ киім, етікті де осы түстен таңдасаңыз, нағыз "трендтегі ару" атанасыз.
А. Оралқызы