- Негізгі бет
- Сән
- Тренд: Кеңсе стилі...
Тренд: Кеңсе стилі
Біз бүгінгі мақалада корпоративті дресс-кодты бұзбай-ақ сәнді киінудің амалын көрсететін боламыз. Нақтырақ айтсақ, ғасырдан астам тарихы бар сән інжілі, яғни, Vogue журналы түсірген соңғы видео осы тақырыпқа арналып отыр. Ал, сәнге қатысты кеңесті солардан артық кім берсін? Сән апталықтарының алғашқысы Нью-Йорк қаласында әлдеқашан өтіп кетсе де, сән өндірісі сыншылары арнайы видео үшін сол кезде өткен көрсетілімдердегі киім үлгілерін таңдаған.
Vogue журналы кеңсесінде түсірілген бейнебаянға Джоан Смоллс, Кейт Аптон, Сара Сампайо, Эльза Хоск, Лили Элдридж, Жасмин Тукс сынды қазіргі таңда атақтары жер жарған үздік модельдер жұмылдырылған. Ал, киім топтамалары Michael Kors Collection, Victoria Beckham, Oscar de la Renta, Sies Marjan, Marc Jacobs, Ralph Lauren сән үйлеріне тиесілі.
Видеода орындалатын "9 To 5" (9-дан 5-ке дейінгі кеңсе жұмысы) әнін Долли Партон орындайды. Бір қызығы, 90- жылдары танымал болған бейнебаянның ремейкінде адамдар мен заман өзге болғанымен, стиль бір. Бұл сәннің циклді келетінің дәлелі болса керек. Ал, алдағы көктем мен жаз мезгілінде біздің аналарымыздың жаз кезіндегі сән қайта оралмақ.
А. Оралқызы