- Негізгі бет
- Сән
- Тренд: кең балақты...
Тренд: кең балақты шалбар
Осы көктемде тар легинстер мен кең балақты шалбарлар сәнге айналды. Орташа қалыптағы шалбарлар өз уақытын күтіп гардероб сөрелерінде қалатын болды. Біз бүгін осы кең балақты шалбарлар туралы сөз қозғамақпыз.
Тым шыдамсыз сәнқой бикештер бұлар толыққанды трендке айналмай тұрып, көктемде өткен Париж сән апталығына кезек-кезек киіп шыққан болатын. Бірақ сол асығыстық кесірінен ең сәнді киімдерін сән астанасының балшығына былғап та үлгерді.
Ал қазір сәуір келді. Сыртта қар да, батпақ та, балшық та жоқ. Сондықтан кең балақты шалбар кигенді ұнататын бикештер қорықпай сәндене берсе болады. Қазіргі уақытта матаның қалың түрінен тігілген шалбарлар кең қолданыста, уақыт өтіп күн жылынған сайын матаның жұқара түсері анық.
Бұл трендтің балағы еденге дейін төгіліп тұратын түрі ең сәнді болып саналады. Оларды биік тақалы аяқ киіммен кию арқылы бойыңызды визуалды түрде ұзын етіп көрсетуге мүмкіндік аласыз.
А. Оралқызы