Сәнқойлар үшін күннің суытуы ешқашан кедергі болмасы анық. Осыған байланысты әдемі боп жүремін деп, денсаулығына зиян тигізіп жататындары да бар. Біз сізге ондай жанкештілікке бармауға кеңес береміз. Мысалы, біз ұсынғалы отырған тренд әрі жылы әрі әдемі, сондықтан қысқы сәнді киім аларда ойыңызда болсын.
Сонымен, кардигандар қазір трендте дедік. Алайда олардың кез келгені емес, өзіміз үйреніп қалған әжелердің қалың жемпіріне ұқсас түрлері ғана. Мұны сән өндірісінің мамандарының өзі "әжелер кардиганы" деп атайды екен.
Оларды сәнді киімге айналдырған Gucci компаниясының креативті директоры Алессандро Микеле мен Миучча Прада. Ал олардан кейін бұл тізімге Burberry, Loewe, No. 21 және өзге де атақты сән үйлері қосылды.
Қазір қысқа әрі қалың жемпірлердің түрлі нұсқалары шығарылып жатыр. Олардың геометриялық фигуралар, гүлдер принті мен жануарлар бейнесі салынған түрлі түсті нұсқалары да, бір түсті, "ұстамды" үлгілері да бар.
Оларды француз қыздары әдетте джинс шалбары немесе әдемі белдемшемен, ал кейбірі жеңіл көйлектің үстінен киеді.